Операция барысы
Процедура спиналдық анестезия жағдайында жүргізіледі. Арнайы рентген қондырғысының (С-доға) бақылауымен орналастыру, бағыттау және бағыттаушы инелерді орнату жүргізіледі. Осы инелердің бойымен канюляцияланған бұрғылармен асептикалық некроз бөліктеріне арналар қалыптастырылады. Осы арналар арқылы сүйек кемігінің құрамы (қоректік заттар) некроз бөліктеріне түсіп, сүйектегі қалпына келтіру үдерістерін іске қосады. Сондай-ақ көбіне ауырсыну синдромын тудыратын сүйектің трабекулярлық ісінуі кетеді. Биоимплант (SVF және PRP) немесе Bmac (сүйек кемігі концентраты) әдістерімен үйлестірген кезде аталған арналарға сүйек тінін неғұрлым тиімді және жылдам қалпына келтіру үшін арнайы дайындалған жасушалар енгізіледі.