Физиотерапия және ЕДШ

Физикалық терапия (оңалту) — науқас ағзасының ең жоғары қозғалыс функциясы мен функционалдық мүмкіндіктерін қолдауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешенін білдіретін медицина бөлімі.
  • Физикалық терапияның негізгі мақсаты — науқасты оның ауруын ескере отырып, жұмысқа және қоғамдағы өмірге барынша бейімдеу, ауырсынуды бақылауға үйрету және тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және тірек-қимыл жүйелерінің функцияларын қолдау.

  • Физикалық терапияның (оңалтудың) заманауи тәсілдері:

    • Жеке тәсіл
    • Кешенділік
    • Кезеңділік
    • Үздіксіздік және сабақтастық
    • Оңалтудың өзін ерте бастау
Бұл ем әдістерінің нәтижелілігі өте жоғары, ал басқа әдістемелермен үйлестіру тиімділікті арттырады және қалпына келу мерзімін қысқартады.

Біздің клиникада біліктілігін үнемі арттырып отыратын жоғары санатты мамандардан барынша тиімді ем ала аласыз.


Кері қоңырауға өтінім қалдыру

Кері қоңырауға өтінім қалдыру

Сізді кәсіпқойлар емдейді

Сіздің денсаулығыңыз үшін Қазақстан, Ресей және ТМД-ның үздік дәрігерлері еңбек етеді
  • Худайбергенов Марат Абдиганиевич
    Травматолог-ортопед дәрігер
    15 жылдан астам өтілі
    Тек медицина институтының дипломымен ғана расталмайтын бай тәжірибе. 2-курстан бастап операцияларға қатысып, әкесі — профессор Абдуғани Абдразақұлы Худайбергеновтың тәжірибесін бойына сіңірді.
    Операциялардың жалпы саны шамамен 6000, оның ішінде буын протездеу бойынша шамамен 4000.
  • Ибрагимов Равшанбек Арзиматович
    Ортопед-травматолог


    Тізе және иық буындарының артроскопиясымен, жіліншік сүйектерінің, қол мен табан саусақтарының сынықтарын емдеумен, Hallux valgus операцияларымен, табан деформацияларымен айналысады. Сондай-ақ балалар мен ересектердің ортопедиялық патологияларымен, артрозды ең жаңа технологиялармен емдеумен, омыртқа жарықтарын операциясыз әдіспен емдеумен шұғылданады.